Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр Қастеев музейіндегі алкогольге қатысты дау немен аяқталғанын айтты

22 Шілде 2025, 09:16
730
Бөлісу:
 aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Айқын" газетіне берген сұхбатында Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, көрме аясында жіберілген тәртіп бұзушылық үшін жауапты тұлғаларға шара қолданылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, шілде айында өткен "Әйел еңбегі" атты қайырымдылық көрмесінде алкогольсіз фуршет өткізілуі тиіс болған. Алайда кейтеринг қызметін көрсеткен компания келісімді бұзып, құрамында алкоголь бар сусындар да ұсынған.

Осыған байланысты "Эфес Қазақстан" компаниясына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар музей басшылығына ресми ескерту жасалған. Министрлік мұндай жағдай қайталанбауы үшін бақылауды күшейтетінін хабарлады.

Сұхбат барысында Аида Балаева мәдени нысандарды жаңғырту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүріп жатқанын атап өтті. 

Мәселен, Қастеев музейінің шатыры мен экспозициялық залдары жөнделіп, салқындатқыш жүйесі жаңартылуда. Бұл жұмыстар демеушілік қаражат есебінен іске асырылып жатыр, - деді Балаева.

Бұған дейін министр мәдениет мекемелері цифрлық дәуірге бейімделіп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы