Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зияткерлік байқауға әлемнің 46 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан 4 оқушы білімдерін сынады.
Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Оқушыларымыз география пәні бойынша Халықаралық олимпиадада 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік байқауға әлемнің 46 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан 4 оқушы білімдерін сынады, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ұлттық құрама сапында Валеев Рустам алтын, Тазабек Еркебұлан күміс, Сапарбеков Ерасыл қола медальға ие болды.
Биыл оқушылар өз рекордтарын жаңартты. Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижелерімен құттықтаймын!
Бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен білімдеріңіздің және өздеріңізге деген сенімділіктің нәтижесі. Сіздерге қолдау көрсеткен мұғалімдер мен жаттықтырушыларға және ата-аналарға алғыс айтамын. Сіздер еліміздің намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғадыңыздар. Біз өз тарапымыздан медальдардың саны жыл сайын ұлғаюы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қолдау бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау үшін біз заңнамалық өзгерістер дайындадық және қабылданған шаралар туралы жақын арада хабарлаймыз. Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне толағай табыс тілеймін, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.