Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысынан кейін энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тілшілердің безнин бағасына қатысты сауалдарына жауап берді.
- Трамп бензин бағасы төмендейтінін айтты. Бізде бұлай болуы мүмкін бе? - деп сұрады тілшілердің бірі.- Бензиннің бағасы еркін айналымда. Бәрін нарықтық шарттар реттейді. Біз бірнеше жылдан бері еркін айналымға жібергенбіз, - дейді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, кеше АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының төмендеуіне байланысты пікір білдірген болатын.- Сарапшы ретінде бензин бағасының төмендеуі күтіледі деп ойлайсыз ба?
Әлемдік нарықтың құлдырауы жақсы емес. Бірақ бензин бағасының төмендеуі тұтынушылары үшін пайдалы, -деп жазған болатын Трамп өзінің Twitter парақшасында.
- Біз өз құзыретіміз шегінде мұнайды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз және мұнай өнімдерін қажетті мөлшерде қамтамасыз етеміз. Алаңдауға негіз жоқ.
– Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма әлде ұлғайта ма?
– Өзіміздің осы бағытта нақты жоспарларымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары – бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Дәл қазір бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ. Бензин бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта. Ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр. Оған қажет жанар-жағармай қоры жеткілікті. Қазақстандағы барлық мұнай өңдеу зауыты штатты түрде жұмыс істеп жатыр, - деді министр.