Министр мүгедектігі бар шымкенттік жігітке өзінің көмекшісі болуды ұсынды

22 Шілде 2022, 10:48
3257
Бөлісу:
Министр мүгедектігі бар шымкенттік жігітке өзінің көмекшісі болуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласының мүгедек азаматына министрдің көмекшісі болуды ұсынды деп хабарлады Otyrar.kz.

Алмас Өткіров министрден мүгедектердің ем-домы мен тексерісіне көңіл бөлуді сұрады. Алмастың айтуынша, Қазақстанда мүгедектерге аз көңіл бөлінеді.

Құрметті Алмас, мен сіздің сұрағыңызды жеке бақылауыма аламын, сіздің қаншалықты шынайы екеніңізді көріп, менің көмекшім болуға шақырамын. Тіпті осы Шымкентте болса да, онлайн жұмыс жасаймыз, – деді Ажар Ғиният.

Алмас ұсынысты қабылдады, ол көптеген мәселелердің тезірек шешілетініне үміттенеді.

Қазақстан Республикасының министрі маған сенім ұялатады. Мен онымен жұмыс істеуге келісемін, – деді ол.

Айта кетейік, Алмас 2016 жылы апаттан кейін мүгедектер арбасына таңылған.

Өзгелердің жаңалығы