Министр мамандық таңдау кезінде өзіңізге қоятын үш сұрақты атады

20 Қараша 2022, 14:38
894
Бөлісу:
Министр мамандық таңдау кезінде өзіңізге қоятын үш сұрақты атады

Еңбек нарығы тез өзгеріп жатыр. Мұндай кезеңде жастар мамандықты қалай таңдағаны дұрыс. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кеңес берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбек неге мамандық таңдау маңызды екенін түсірдірді.

Неге десеңіздер, бұл өмірде біз көп ештеңе таңдамаймыз. Туған жерімізді, ұлтымызды таңдамаймыз. Және әке-шешемізбен, тұратын қаламызды таңдамай дүниеге келеміз. Бұл өмірде таңдайтын бірең-сараң нәрсенің бірі - жар таңдау. Екіншісі, әрине мамандық таңдау, – деді ол.

Мен өзімнің өмірімдегі ең маңызды таңдауымды басқа адамға беріп қойдым. Өз тағдырымды өзім шешпедім. Қазіргі таңда күнде жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Кейбір салалардағы мамандықтар жойылып, кейбірі өзгеріп жатыр, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, мамандықты белгілі бір логикалық әдіспен таңдаған жөн.

Ол үшін бірнеше сұраққа жауап беруіңіз керек. Біріншіден, мен нені қалаймын? Мені не қызықтырады? Екінші сұрақ, менің қолымнан не келеді? Үшіншіден, еңбек нарырығына не қажет?, – деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы