Министр Қосшыда өрт сөндіру депосы қашан пайда болатынын айтты

21 Мамыр 2021, 13:00
1473
Бөлісу:
Министр Қосшыда өрт сөндіру депосы қашан пайда болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет 5 мыңнан көп тұратын халқы бар елді мекендерде өртке қарсы қызмет болуы керек. Алайда әрекеттегі 416 өртке қарсы бөлім халықтың барлығын қамти алмайды. Аталған норматив бойынша ел бойынша тағы 125 өрт сөндіру бөлімшесі ашылуы керек, - деді Юрий Ильин.

Төтенше жағдайлар министрі Қосшыға қатысты өз пікірін білдірді.

Қосшыда қауіпсіздік бекеті бар. Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан құрамына қосылу мәртебесі де бар. Болашақта әкімдікпен бірлесіп қаржы бөліп, жерді анықтау жүргізіледі. Алдағы екі жылда біз өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтап, қауіпсіздікті күшейтеміз деп ойлаймын. Қосшы жақын арада қала мәртебесіне ие болуы мүмкін, - деді министр.

Сондай-ақ министр Қазақстан мен Қырғызстанның бірлесіп жүзеге асыратын «Darmen» платформасы туралы айтып берген еді.
Өзгелердің жаңалығы