Министр комиссияға дастархан жаятын директорлар туралы айтты

25 Мамыр 2023, 13:06
1010
Бөлісу:
Министр комиссияға дастархан жаятын директорлар туралы айтты
VIDEO

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепті тексеруге келген комиссияға сый ұсынатын мектеп басшылығын қандай жаза күтетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мектепті тексеруге келген комиссияларға сый жасап, дастархан жаятын директорлар мен мектеп ұжымының алдын алуға бола ма? Қандай да шара қабылданады?, деп сұрақ қойды БАҚ өкілі. 

Оқу-ағарту министрі ведомствода бұған дейін де бұл мәселеге қатысты бұйрық шыққанын айтады. Бейсембаевтың айтуынша, өзі директор қызметін атқарған кезде мұндай ысырапқа тосқауыл қойған.

Біз сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып, осыған осы мәселеге тиісті шаралар қабылдау бағытында жұмыстарды бастап кеттік. Біріншіден, сall-центр арқылы 20 мектептен шағым түсті. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Кез келген азамат немесе ата-ана сall-центрге жүгініп, жиналып жатқан ақша туралы хабар бере алады. Екіншіден, бұйрыққа бағынбай бұрынғы дәстүрді жалғастыра беретін мектеп басшылығы 10 айлық мөлшердегі айыппұл төлейтін болады, - деді Ғани Бейсембаев.

@baq.kz #baqkz #қазақстанжаңалықтары #үкімет #министр #оқуағартуминистрі #мектеп #мектепқызықтары #25мамыр #25мамырсонғықонырау #соңғықоңырау #мұғалім #оқушылар #баккз ♬ original sound - Басты ақпарат құралы
Өзгелердің жаңалығы