Министр Қазақстанда қанша бас қой бар екенін айтты

23 Сәуір 2021, 11:49
6033
Бөлісу:
Министр Қазақстанда қанша бас қой бар екенін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздегі қой шаруашылығы қалай дамып жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, 2020 жылы үйлесімді жұмыспен уақытылы қабылданған шаралардың арқасында агроөнеркәсіп кешен саласында барлық макро көрсеткіштерде оң көрсеткіш байқалған. Оның ішінде қой шаруашылығы үлкен өсім көрсеткене.

2020 жылы қой шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік бюджеттен 16 млрд теңге бөлінді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қолдау көлемінен 35 пайызға артық. Нәтижесінде 2020 жылы қой саны 17,7 млн басқа жетті. Оның ішінде кәсіпорындар мен фермер қожалықтарында 8,4 млн бас қой, жұртшылық шаруашылықтарында 9,2 млн бас қой бар,-деді ол.

Министр сондай-ақ 2020 жылы қой басының жоғары өсімі тіркелгенін айтты, яғни 1 жылда 837 мың басқа өскен.

Асыл тұқымды қойдың үлесі 16,1 пайызға немесе 2,8 млн басқа жеткен. Өткен жылы республикалық палаталардың дерегіне сәйкес 300 мың бас асыл тұқымды қой сатылған. Ал, бұл селекциялық жұмыстың дамуына үлесін тигізетіні анық,-деді Сапархан Омаров.

Сонымен қатар ол қой шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың тетігі ғылыммен қамтамасыз ету арқылы іске асатынын айтты. Ғылыми жобалар бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру арқылы жүзеге асады.


Өзгелердің жаңалығы