Министр Каспий теңізіндегі итбалықтардың неден қырылғанын айтты

14 Қараша 2022, 13:58
676
Бөлісу:
Министр Каспий теңізіндегі итбалықтардың неден қырылғанын айтты

Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов Каспий теңізі жағалауындағы 141 итбалықтың неден қырылғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Брекешевтің дерегінше, қазіргі таңда Каспийде 300 мыңнан астам итбалық бар.

Министр жануарлардың қырылу себебін анықтау үшін сынама алынғанын, сараптама нәтижесі бір ай ішінде дайын болатынын айтты.

Итбалықтардың қырылуына ауаға күкіртсутектің таралуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өздеріңіз білетіндей, итбалықтар оттегі жұту үшін су бетіне шығып, кейін қайта су астына кетеді. Бәлкім, газ тарап, итбалықтардың өлуіне әсер еткен болуы мүмкін, - деді Брекешев Үкімет сағатынан соң. 

Өзгелердің жаңалығы