Министр интернет сапасын тик-ток түсіретін балалар санының артуымен түсіндірді

13 Қыркүйек 2022, 12:01
1375
Бөлісу:
Министр интернет сапасын тик-ток түсіретін балалар санының артуымен түсіндірді

Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасы сын көтермейтін ауылдық жерлердің мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізде білетін боларсыздар, 50 шақты тұрғындары бар жерлерге интернет тарту ол миллиардтаған шығынға алып келеді. Оған көп қаражат керек. Біз 250+ атты бағдарлама жасадық. Сол жобамызды толыққанды жүзеге асырдық. Алайда, оның сапасын жақсарту керек екенін былтыр өзім де мойындадым. 768 интернет сапасы төмен аймақтарды айқындадық. Оның 600-нің сапасын көтердік. Осылайша, біз жоспармен келе жатырмыз, - деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Министрдің айтуынша, жергілікті әкімдіктер  заңға сәйкес, елді мекенінде желілерді тартуға қаражат бөле алатын құзыреті бар.

Тек жаман жағын айтып қоймай, жақсы жағында атап өткен жөн. Қазіргі таңда Instagram, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде ауылдық аумақтарда тұратын балалардың аккаунттары көбейіп жатыр. Бізге есеп ретінде берілген кезде ауылдық аймақтардағы балалардың аккаунттарының ұлғайып келе жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, суы мен газы жоқ жерлер де бар. Байланыс саласы сондай. Құбырды тарту үшін қанша қаражат керек болса, байланыс үшін де сондай қаражат кетеді. Сондықтан биыл әкімдіктерде заңға сәйкес, желілерді тартуға қаражат бөле алатын құзыреті бар, - дейді Бағдат Мусин. 

Өзгелердің жаңалығы