Министр: Індет салдарынан жанар-жағармайға деген сұраныс азайды

27 Мамыр 2020, 12:03
1688
Бөлісу:
Министр: Індет салдарынан жанар-жағармайға деген сұраныс азайды
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн конференция барысында Қазақстан Республикасы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бүкіл әлемді жаулаған індетке байланысты жанар-жағармайға тұтынушылық сұраныс айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

Бүкіл әлемді жаулаған пандемияға байланысты жанар-жағар майға тұтынушылық сұраныс айтарлықтай төмендеді. Елімізде енгізілген карантиндік шараларға байланысты өткен айларда мұнай өнімдерін тұтыну айтарлықтай төмендеді. Қазақстанда жанар-жағармайды тұтынудың төмендеуі мұнайды қайта өңдеуге арналған жоспарлы көрсеткіштерді өзгерту қажеттілігіне алып келген жоқ. Сол деңгейде қалды деуге болады, - деді ол.
Сонымен қатар, брифинг барысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде өндірілген бензин, дизель отыны, мазутпен нарықты қамтамасыз етуі 100 пайызға жеткендігін айтылды. 
Қазақстандық мұнай өндеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтау нәтижесінде ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен бүгінгі таңда өзіміз қамтамасыз етіп отырмыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде өндірілген бензин дизель отыны, мазутпен нарықты қамтамасыз етуі 100 пайызға жетті. 2019 жылы шілдеде тыйым салу алынғаннан кейін Еуропа және Орта Азия елдеріне бензин экспорты басталды. 2019 жылы бензин экспортының көлемі 181 мың тоннаны құрады, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы