Министр импортқа тәуелділікті азайтатын жоспармен таныстырды

26 Сәуір 2022, 10:28
1226
Бөлісу:
Министр импортқа тәуелділікті азайтатын жоспармен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңдеу өнеркәсібін дамытудың қазіргі мүмкіндіктері мен перспективаларына талдау жүргізілді.

Талдау барысында нарықтағы импортты дайын өніммен алмастыруға және экспорттық әлеуетті арттыру перспективасына баса назар аударылды. Сонымен бірге, шикізат базасының болуы, экологиялық реттеу, кадрлық құзыреттер мен инфрақұрылым сияқты аспектілер ескерілді, - деді ол.

 Өскенбаев импортқа тәуелділік деңгейін барынша төмендету үшін тиімді жұмыс жүргізген басқа елдердің тәжірибесін ескергенін атап өтті.

Олардың негізгі бағдарламалары мен ел ішіндегі құндылық стратегияларын зерделедік, - деді ол Үкімет отырысында.

Министр тауар позициялары бойынша 3 топ анықталғанын айтты.

Оның біріншісі импортты алмастыруға дайын тауарлар. Бүгінде еліміз бойынша мұндай тауарлардың өндірісі бар. Тек тауар өндірушілерді шикізат, қаржыландыру, қажет мамандар және ұзақ мерзімді келісімшарттармен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізу қажет, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сөзінше, қажет өндірістерді іске қосу үшін құзырет жеткілікті және инвесторлар дайын.

Біздің   тарапымыздан жобаларды нәтижелі іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады. Импортты алмастыруға қатысты дайындығы төмен тауарлар. Негізінде, бұл жоғары технологиялық тауарлар. Олардың өндірісі үшін болашаққа деген перспективамен жағдай жасау қажет, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы