Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов химия өнеркәсібі саласында жаңа жобалар жүзеге асырылатынын айтты.
Фосфат тыңайтқыштар өндірісін 16,6, аммофос 15,4, аммиак селитрасы 10,7, хром қосылыстар өндірісін 13,6 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл химия өнеркәсібі саласында үш жаңа жоба іске қосылады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Соның арқасында 2025 жылға дейін бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру және минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуатын 1,5 млн тоннаға дейін арттыру көзделген, - дейді Атамқұлов.
Ол сонымен қатар машина жасау саласында өсім болатынын айта кетті.
Бұл салада нақты көлем индексі 113 пайызды құрайды. Негізгі өсім машина жасау саласындағы үлесі 35 пайызды құрайтын автомобиль құрастыру секторы есебінен болады. Автокөлік өндірісін 29 пайызға арттырып, 100 мың данаға дейін жеткізу, теміржол вагондарын 180, ауылшаруашылық техникаларын 58, аккумуляторлар өндірісін 10 пайызға жеткізу жоспарланған, - деді министр.