Министр халықты жұмыспен қамтудың кешенді шараларымен таныстырды

11 Қазан 2022, 11:00
815
Бөлісу:
Министр халықты жұмыспен қамтудың кешенді шараларымен таныстырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр ең алдымен еңбек нарығының жай-күйіне аударды.

Айтуынша, 2016-2020 жылдары жұмыс күші жылына орта есеппен 36,4 мың адамға өссе, бұл көрсеткіш  былтыр 2 есе өсіп, 76 мыңға жетті.

Оларды жұмыспен қамту мәселесіне келсек, аталған кезеңде жалдамалы жұмыскерлер саны 68,8 мың адамнан 23,5 мың адамға дейін азайды. Бұл жағдай жұмыс орындардың жеткіліксіз болуына байланысты туындап отыр. 2000-жылдардан бастап дүниеге келген балалардың саны артқанын білесіздер. Сол балаларымыз ержетіп, қазір еңбек нарығына қосылып жатыр. Сол себепті, алдыңғы жылдары біртіндеп азайып келе жатқан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны қайтадан өсіп, 51 мың адамға көбейді. Мұның бәрі жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды талап етеді, – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Дүйсенованың дерегінше, 1 қазандағы мәлімет бойынша 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты.

Оның 225,5 мыңы немесе 34,5%-ы – Ұлттық жобалар аясында, 203,9 мыңы немесе 31%-ы – Мемлекет басшының «10 мың адамға 100 жұмыс орны» тапсырмасының аясында құрылған жұмыс орындар және 224,3 мыңы немесе 34,3%-ы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары, – деді министр.

Сонымен қатар ведомства басшысының мәлімдеуінше, жұмысқа орналасқан осы азаматтардың 67%-ы қазіргі таңда 10 пайыздық зейнетақы аударымдарын тұрақты аударып жатыр немесе өздерінің жұмыс істеп жатқандарын растап мәлімет бергенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы