Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
Жанама шаралар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік даярлау (қайта даярлау), өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.Бағдарлама 80 шарадан тұрады, олар мынадай негізгі бағыттарға бөлінген:халықтың еңбек табысының артуы;кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру;сатып алу қабілетін қорғау, - деді ол.
Министр атағандай, бағдарламаны іске асыру лайықты еңбек пен масылдықтан бас тарту идеяларын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қатар жүретін болады.
Еңбек табысын арттыру бағыты аясында 22 шара іске асырылады.Еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтеріледі.Өндіріс кәсіпорындары жұмыскерлерінің табысындағы теңгерімсіздіктерді жою бойынша, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғыртуды ынталандыру бойынша, өндірістік дағдыларды дамыту бойынша Бағдарламада «Өмір жолдамасы» кадрларды алдын ала даярлау жобасын өңірлік деңгейде іске асыру сияқты іс- шаралар көзделген, - деді ол.
Министр атағандай, кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру бағытында 41 шара іске асырылады.
Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобаларын, сондай-ақ осал топқа жататын жекелеген адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыруды қамтиды.Мектеп оқушылары, колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беруді енгізу, халықты, негізінен жастарды жаппай даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру «фабрикаларын» құру жөніндегі іс-шаралар біліктілік пен дағдыны арттыруға бағытталған, - деді ол.
Бағдарлама аясында табыстың сатып алу қабілетін қорғауға ерекше мән беріледі.
Осы бағытта мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:
- ӘМАТ тізбесіне енбеген азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту;
- ішкі нарықтың импортын негізгі азық-түлік емес тауарлармен алмастыру бойынша шараларды іске асыру;
- халықтың проблемалы қарыздарымен жұмыс істеу бойынша банктердің жеке жоспарларын қабылдау.
Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру 2025 жылға қарай мынадай 5 нысаналы индикаторға жоспарлы түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
- ЖІӨ-дегі еңбекақының үлесі – 34,5%;
- жалпы табыстағы еңбек қызметінен түскен табыстар үлесі – 76,2%;
- табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі – 5,2%;
- жұмыссыздық деңгейі – 4,7%;
- бүкіл кезең ішінде барлығы 2 млн. астам адамға жұмыс орындарын құру.