Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр: Халық көтерген мәселелерді шешу үшін 485 млрд теңге қажет

Олжас АДАЙ
31 Қаңтар 2023, 11:11
1779
Бөлісу:

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр осы уақытта әкімдердің халықпен 19,8 мыңға жуық кездесуі өтті. Олардың барысында тұрғындар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу, экологияның жайы, жолдарды жөндеу, жер мәселелері және тағы басқа сұрақтар бойынша 33,4 мыңнан аса мәселе көтеріп, өз ұсыныстарын айтты. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 33,1 мың мәселенің шешімін тапты. Халық көтерген мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттен 485 млрд теңге қажет. Керек қаржының 253,8 млрд теңгесі немесе 52,3 пайызы бөлінді, - деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы