Министр генерал-майор Берік Біләловтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

9 Наурыз 2023, 16:09
1384
Бөлісу:
Министр генерал-майор Берік Біләловтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: Хабар24

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов генерал-майор Берік Біләловтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Солтүстік Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Берік Біләловке қатысты қылмыстық сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Екі жыл бұрын ол (Берік Біләлов – ред.) біреуден қарызға ақша алған. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті ақшаны әлі қайтармағанын айтқан өтініш берушінің өтініші бойынша істің объективтілігі үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (істі – ред.) жіберді, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, 24 ақпанда СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Берік Біләлов 2022 жылы СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тізгінін қолына алған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы