Цой елімізде аурушаңдық деңгейі қаншалықты төмендегенін айтты

19 Қазан 2021, 09:58
13092
Бөлісу:
Цой елімізде аурушаңдық деңгейі қаншалықты төмендегенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеген.

Республикамызда соңғы екі аптада аурушаңдық деңгейі 17%-ға төмендеді. Жалпы Қазақстанда соңғы екі ай ішінде ауру жұқтыру 3,8 есеге, ал өлім-жітім 3,6 есеге азайған, - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері өңірлердегі эпидахуалға да тоқталды.

Бүгінгі таңда жалпы Қазақстан Республикасы мен алты өңір «сары» аймақта.

Ал алты өңір: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта әлі алты өңір тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Репродуктивтік мөлшер 0,97-ге тең, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдетілетіні туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы