Министр елдің әкімшілік-аумақтық құрылысына қатысты өзгерістерді айтты

14 Сәуір 2022, 12:57
1778
Бөлісу:
Министр елдің әкімшілік-аумақтық құрылысына қатысты өзгерістерді айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Бүгінгі таңда жұмыс үш бағытта жүргізіліп жатыр. Олар елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар, -деді ол «Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» туралы өтіп жатқан брифингте.

Министр елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру бойынша 5 іс-шара жүзеге асып жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта министрлік Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. 25 наурыздағы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен осы облыстарды құру мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Жалпы алғанда жұмыс Президенттің тиісті жарлықтарын қабылдауы бойынша бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жүргізіледі, -деді Ұлттық экономика министрі.

Қуантыровтың айтуынша,  өңірлер алгоритмге көрсетілген негізгі іс-шараларды аяқтаған.

11 сәуірде  Үкіметтің жанындағы республикалық ономастика отырысы өтті. Онда Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарына атау беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңілер шекараларын айқындау кезінде халықтың пікірі мен экономикалық-инфрақұрылымдық әлеует, халық саны және басқа да өлшемшарттар ескерілді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы