Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Сондай-ақ ол мамандарды қалай танып, оларға біліктілікті қалай тағайындаймыз деген мәселеге тоқталды.
Бұл бағытты жүйелендіру үшін министрлік кәсіптік біліктілікті танудың бірыңғай жүйесін бекітетін «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірледі. Осылайша, Ұлттық біліктілік жүйесі негізі енгізілді деп айтуға болады. Дегенмен, жоғарыда аталған еңбек нарығының сын-қатерлері және ҰБЖ саласындағы проблемалар жаңа жағдайларға бейімделіп, бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді, – деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, ең негізгі проблема – қолданыстағы сұраныс болжамдарының тәсілдерін жұмыс күшіне маман тапшылығы проблемасына немесе экономиканың кейбір салаларындағы мамандықтар артықтығына бейімдеу қажеттігі.
Осыған байланысты ағымдағы жылы жұмыс күшін болжаудың тиісті құралдары жетілдірілетін болады және келесі жылдан бастап қызмет түрлері бойынша нақты мамандықтар қажеттілігінің болжамы ұсынылатын болады. Екінші мәселе – мамандықтардың кәсіптік стандарттармен толық қамтылмауы. Ұлттық кәсіптер классификаторы бойынша бізде 12 мыңға жуық мамандық бар, олардың бекітілген 590 кәсіптік стандарт 2689 мамандықты қамтып, экономикалық кәсіп түрлерiнiң жалпы классификаторы кіші сыныптың 27%-ын ғана жабады. Ал Еңбек кодексіне сәйкес 2016 жылдан бері кәсіптік стандарттарды әзірлеуді салалық қауымдастықтар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту процесінде шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар екеніне тоқталды.
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу процесін үйлестіру жеткіліксіз. Жұмыс берушілер кәсіптік стандарттарды әзірлеуге де, осы саладағы мамандарды даярлауға да дұрыс қатыспайды. Белсенділік мықты салалық ассоциациялары бар салаларда ғана бар. Екіншіден, қаржыландыру проблемасы. Әзірленген 590 стандарт негізінен Дүниежүзілік банктен алған қарыз есебінен қаржыландырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет кәсіптік стандарттарды әзірлеуді – реттеу жүргізілетін мамандықтар бойынша қаржыландырады, ал қалғаны – жұмыс берушілердің есебінен іске асырылады, - деді Тамара Дүйсенова.
Белгілі болғандай, соңғы 2 жылда кәсіби стандарттарды әзірлеу жүзеге асырылмаған. Министр әзірленген 590 кәсіби стандарттардың 576-сы еңбек нарығында болып жатқан өзгерістердің жылдамдығын ескере отырып, өзектендіруді қажет етеді деп отыр.