Министр экономикалық көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

15 Тамыз 2023, 10:23
979
Бөлісу:
Министр экономикалық көрсеткіші жоғары өңірлерді атады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәліметінше, бүкіл көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды.

Сондай-ақ Қуантыров экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға мына шараларға назар аударуды ұсынды.

1. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;

2. Экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

3. Белсенді түрде инвестициялар тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру;

4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу;

5. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Бұған дейін министр жыл басынан бері Қазақстан экономикасы қанша пайызға өскенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы