Министр дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды таныстырды

29 Наурыз 2022, 09:31
2033
Бөлісу:
Министр дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» оныншы бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылатын болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді, -деді министр.

Оның атап өтуінше дағдарысқа қарсы іс-шаралар  қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыруға, экономика салаларын қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған.

Сонымен бірге егіс науқанын сапалы жүргізу қамтамасыз етіледі, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінеді, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі, -деді Ұлттық Экономика министі Әлібек Қуантыров.
 

Өзгелердің жаңалығы