Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбаты барысында ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау бағдарламасына қатысуға шақырды.
Ведомство басшысы отандастарымызда басқа мемлекеттердің азаматтарына қарағанда тегін екпе салдыру мүмкіндігі бар екендігін алға тартты.
Қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдағым келеді. Вакцинация – коронавируспен күрестегі жалғыз тәсіл болып отыр. Үрейге бой алдырмай, қандай да бір ПТР-сынамаларын немесе вакцинациялаудың жалған құжаттарын сатып алуға шақырғандарға ермегендеріңіз абзал, - деді өз сөзінде министр.Оның соңы жақсылыққа апармайтындығын айтқан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы оң жағдайда ауруханаға төсегіне, жағымсыз жағдайда өлім-жітімге дейін апарып соғады деп отыр. Осылайша министр жағдайға саналы түрде қарауға шақырды.
Көптеген мемлекет вакцинаны ұзақ күтуде, себебі оларда тегін вакцина жоқ. Бізде вакцинациялау пункттерінің есіктері айқара ашық, озық үлгідегі екпелер бар. Біз өзіміз де вакцина алдық, жақындарымызға да салдырттық. Вакцина қауіпті емес, шын мәнінде жұмыс істейді, - деді Цой.Оның айтуынша, соңғы алты айдың қорытындысы вакцинаның жұмыс істейтіндігін дәлелдеп отырған көрінеді. Қазақстанда вакцинация қарқыны белсенді орын алуда. Әр 4-азамат вакцина салдырған.
Еске салсақ, Цой күзге дейін елімізде 10 млн адамды вакцинациялау жоспарда бар екенін айтты.