Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақстан» телерадиокорпорациясын күзгі жаңа маусымның ашылуымен құттықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Корпорация «Қаңтар» оқиғасында «Алтын қорды» сақтап қалды. Ал Референдум кезінде 16 сағат бойы тікелей эфирде өткен еліміздегі алғашқы жаңа форматтағы шараға куә болдық. Күн сайын таңымызды Шерхан Мұртазаның қолтаңбасы қалған «Таңшолпанмен» бастаймыз, – деді министр.
Қазір телеарна ұлттық сипатын халықаралық сипатқа айналдыру үстінде. Жақында телеарна Қырғыз елінде көрсетіле бастайды. Біздің елдегі бұқаралық ақпарарат құралдарының қуатын Ұлттық арна көрсетіп отыр.
Тарихи сериалдар арқылы тамырымызға терең бойласақ, сараптамалық материалдар арқылы бүгінімізді байыптаймыз. «Balapan» арқылы болашағымыздың келбетін көргендей боламыз. Барлығын бір арнада тоғыстырған Корпорация ұжымына ризашылығымды білдіремін, – деді Дархан Қыдырәлі.