Министр: Білім берудің маңызды аспектілерінің бірі – инклюзивтілік

18 Мамыр 2022, 10:22
1433
Бөлісу:
Министр: Білім берудің маңызды аспектілерінің бірі – инклюзивтілік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды екенін айтты. 

Әртүрлі топтағы оқушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға, қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларына және т.б. қолдау көрсету біздің жұмысымыздың басым бағыты. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзия бойынша қамту үшін кешенді жұмыс істейміз. Бұл жұмыс туралы бірнеше рет жаздым, - деп жазды министр.

Министр осы жолы әлеуметтік осал отбасы балаларын қамту мәселесіне тоқталды.

Осы жазбамда әлеуметтік осал отбасы балаларын қамту мәселесіне тоқталамын. Көптеген зерттеу дарынды оқушыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдаудың маңыздылығын көрсетеді, - деді ол.

Аймағамбетов жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне назар көбірек аударылатынын айтты.

Елімізде дарынды балаларды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын да айта кеткен жөн. Жоғары оқу орындарына іріктеу жүйесі, университет гранттарын бөлу, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, түрлі олимпиадалар, байқаулар өткізу және т.б. Педагогтерді бағалау кезінде де үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегеніне емес, дәстүрлі түрде жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне назар көбірек аударылады. Әрине оны әділ деп айтуға болады. Емтихан тапсырып, ең жоғары балл алған, яғни ең мықтысы жеңіске жетеді деп. Бірақ ата-аналар дарынды балаларға арналған мектептерге түсу үшін репетитор көмегіне жүгініп жататыны да жасырын емес, - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Асхат Аймағамбетов меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды екенін айтты.

Әдетте әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен отбасылардың мүмкіндіктері бірдей емес. Бұл меритократияның «қараңғы» тұсы. Теориялық жағынан іріктеу барлығына тең және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек, бірақ іріктеу жүйесі әлі де толықтыруды қажет ететінін көріп отырмыз. Сондай-ақ бұл жерде меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды. Келесі жазба осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы