Қазіргі таңда қалаларда құрылысты бір-біріне қабаттастырып, бейберекет салу мәселесіне жұртшылық тарапынан шағым көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған қазірден бастап қандай шара қабылдауға болады?,- деп сұрады Үкімет басшысы Индустирия министрі Қайырбек Өскенбаевтан.
Министрдің айтуынша бұл мәселені «Мемқалақұрылыскадастры» РМК мекемесінің әлеуетін пайдалану арқылы реттеуге болады.
Заңның өзгерістері қазір келіп жатыр. Бірақ қазірдің өзінде «Мемқалақұрылыскадастры» арқылы жиналған материал бойынша әкімшіліктердің оң шешімін қабылдауға мүмкіндік бар. Қандай инфрақұрылым бар, жер тапшылығы бар ма, ұқсас объектілер бар ма, соны түгел «Мемқалақұрылыскадастры» бойынша көруге болады. Содан кейін барып қазірдің өзінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бар, - деді Қайырбек Өскенбаев.
Бұған дейін Министр Өскенбаев заңсыз салынған үйлер мәселесі қалай шешетінін айтқан болатын.
Жалпы, өз бетімен салынған құрылыс нысандарын сүріп тастау немесе заңдастыру мәселесі заңмен бекітілген. Барлығы сот арқылы шешіледі. Ал Алматының негізгі проблемасы сол, соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Сол елді мекендерде заңдастырылмаған құрылыс өте көп. Шамамен 14 мың үй-жайдың рұқсат қағазы жоқ. Былайша айтқанда, жаппай салып тастаған, - деді Өскенбаев.