Министр балық шаруашылығын табысты дамыту үшін 4 негізгі факторды атады

29 Желтоқсан 2020, 10:03
1346
Бөлісу:
Министр балық шаруашылығын табысты дамыту үшін 4 негізгі факторды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында балық шаруашылығын табысты дамыту үшін 4 негізгі факторды анықтағандарын айтты.

Біріншісі, заңнаманы жетілдіру. Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің орнына, тоқсан сайынғы төлем енгізілді. Осының алдында бизнес рұқсат алғанға дейін балық аулау төлемдерін төледі. Бұл айтарлықтай қаржылық жүктеме болды. Сондай-ақ көбінесе несие қаражатын алуға немесе айналым қаражатынан жұмсауға итермеледі. Екіншіден, сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету. Осы ретте балық шаруашылығы су айдындарын балық аулаудан балық өсіруге ауыстыру қағидалары бекітілді. Бұл кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын пайдаланушыларға, әсіресе, көптеген көлі бар солтүстік аймақтарда балық өсіруге мүмкіндік береді және олар балық өсіру үшін қолайлы, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, үшіншісі балық жемінің өндірісін жолға қою. Балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленген. 

Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Бұрын шарттың мерзімі 5 жыл мен 49 жылдың арасында болатын. Төртіншіден, даму жоспарлары аясында балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды. Оларға қойылатын жалғыз талап-балық өсірудің жыл сайынғы көлемін орындау. Бұдан басқа, жыл соңына дейін су қорғау белдеуінде балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру бойынша шектеулерді алып тастаутуралы нормалар қабылданатын болады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы