Министр азық-түлік бағасы қолжетімді болу үшін не істеліп жатқанын айтты

26 Шілде 2022, 12:00
1779
Бөлісу:
Министр азық-түлік бағасы қолжетімді болу үшін не істеліп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесінің даму барысы туралы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Үкімет отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін ірі сауда желілеріне жеткізуді қолдауға бағытталған заңнамалық басталмаларды ұсынады. Басты мәселе, сөрелерді тауарлардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету.  Сондай-ақ үстемақылардың шегін реттеу мен делдалдар санын азайту жөніндегі шаралармен де қамыталады, - деді министр.

Оның айтуынша, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдерінің физикалық және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бізге ұлттық тауар өткізу жүйесін құру маңызды.

Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі өткен жылдың соңында тоқтатылды. Бұл қаржыландыру шарттарындағы өзгерістерге және МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) шарты шеңберінде мемлекеттегі міндеттемелер деңгейін қайта қарауға байланысты. Ал бүгінде баламалы нұсқалар қарастырылып жатыр, оның ішінде жаңа инвесторлар тартылуда. Сонымен қатар, қазіргі заманғы сақтау алаңдарының жүктемесін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді Бақыт Сұлтанов.  

Өзгелердің жаңалығы