Министр азаматтарды онлайн қабылдады

3 Қыркүйек 2022, 00:25
801
Бөлісу:
Министр азаматтарды онлайн қабылдады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі сағатқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 17 адамның мәселесін қарады.

Азаматтар министрге еңбек заңнамасын сақтау, жұмысқа орналастыру және зейнетақыны қайта есептеу мәселелері бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді. Мүгедектігі бар адамдар мен олардың қамқоршылары оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, балаларға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну, медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерін қайта қарау қажеттілігі және т. б. мәселелермен бөлісті.

Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың өтініштері бойынша толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауға алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы