Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2015-2021 жылдары балалар суицидінің деңгейі 13%-ға төмендеді.
Биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында суицид көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 38%-ға азайды. Дегенмен, бұл әлі де өте үлкен проблема. Тәрбие жұмыстарының, оқушыларды қосымша біліммен қамтудың нәтижесінде балалар арасындағы қылмыс та 18%-ға төмендеді, - деп атап өтті елдің бас ұстазы.
Алайда балалардың арасындағы құқық бұзушылық айтарлықтай төмендесе де, ересектердің балаларға қатысты жасайтын қылмыстары азаймай тұр.
Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық 15%-ға, жыныстық тиіспеушілікке қатысты 9%-ға өсіп отыр. Аталған мәселелерді шешу үшін «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспары» әзірленеді, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялау жұмыстары күшейтілетіні туралы айтқан болатын.