«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасын іске асыру үшін 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 709 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлім етті.
Тұрғындардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды әрі көлік байланысын жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, - деді Әлібек Қуантыров.
Ұлттық жоба 2 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр, олар: «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және «Көліктік байланысты қамтамасыз ету».
4 міндет, 20 көрсеткіш және 96 іс–шара айқындалды. Ұлттық жобаның 2021 жылға арналған іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 1,5 трлн теңге құрады, оның ішінде РБ – 1,1 трлн теңге. Осы соманың 1,4 трлн. теңгесі немесе 93%-і игерілді, - деді ведомства басшысы.
Министрдің айтуынша, биыл Ұлттық жобаны іске асыруға 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 709 млрд теңге қарастырылған.