Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында өткен онлайн отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2020 жылдың 9 айында АӨК дамуы туралы баяндады.
Биыл 9 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5%-ға артып, 4,4 трлн теңгені құрады. Өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстар бөлінісінде 2 облыста республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды, - деді министр.
Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,7%-ға ұлғайып, 1,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 3,8%-ға, сүт өндіру көлемі 3%-дан астамға өсті. Тамақ өндірісі 3,5%-ға, яғни 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сапархан Омаровтың айтуынша, өңделген күріш өндірісі 54,5%–ға (149,9 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 19,6%–ға (43,5 мың тоннаға дейін), сары май – 14,2%-ға (17,3 мың тоннаға дейін), құс еті – 11,4%-ға (78,9 мың тоннаға дейін), жарма - 10,9%-ға (66,9 мың тоннаға дейін), макарон - 10,9%-ға (136,2 тонна), ұн - 7,4%-ға (2,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері - 5,2%-ға (165,9 мың тоннаға дейін), өсімдік майының 0,7%-ға артқаны байқалды.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15,1%-ға артып, 380,6 млрд теңгеден асты. Азық-түлік өндірісі саласына инвестициялар 17,2%-ға артып, 64,7 млрд теңгені құрады, - деп атап өтті АШМ басшысы Сапархан Омаров.
Ол министрлік жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шараларды қабылдауда деді.