Министр ауыл балаларының денсаулығы басты назарда екенін айтты

10 Қазан 2022, 11:02
847
Бөлісу:
Министр ауыл балаларының денсаулығы басты назарда екенін айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауылдағы денсаулық сақтау мәселесі талқыланып жатқан Үкімет сағатында министр балалардың денсаулығы басты назарда екенін басып айтты. 

Балалардың денсаулық жағдайын жақсарту және өлімді азайту үшін елімізде бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ауруларды және даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 млн-нан астам баланы қамти отырып, профилактикалық қарап-тексерулер, 1,6 млн-нан астам ерте шақтағы балаларды скринингтік зерттеулер жүргізілуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 2022 жылы балаларға күтім жасау алға қойылған.

Биыл ауылдық жерде ерте шақтағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру үшін 400-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылды. Материалдық-техникалық жарақтандыруды және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді арттыру мәселелері пысықталып жатыр, - деді Ажар Ғиният. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары екендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы