Министр атқарушы органдарға делдалдық схемаларды тексеруді ұсынды

13 Қыркүйек 2022, 10:45
1654
Бөлісу:
Министр атқарушы органдарға делдалдық схемаларды тексеруді ұсынды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңір әкімдері мен орталық ведомство басшыларына делдалдық схемаларды тексеруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрі орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынды.

1.Сауда үстемелерін тиімді бақылау және делдалдық схемаларды тексеру арқылы азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

2. Қажетті логистикалық жағдайларды қамтамасыз ете отырып, егін жинау бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу;

3. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және оларды барлық деңгейлерде жүйелі қолдау;

4. Қазақстан экспортының үздіксіз жеткізілуіне, оның ішінде баламалы көлік бағыттары арқылы жеткізілуіне жәрдемдесу;

5. Туындаған сауалдарға уақтылы ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы құралдар шеңберінде бизнеске кешенді қолдау көрсету.

Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы