Министр: 2020 жыл күрделі болғанынымен, мәдениет саласы жүйелі жұмыс атқарды

18 Ақпан 2021, 20:57
1620
Бөлісу:
Министр: 2020 жыл күрделі болғанынымен, мәдениет саласы жүйелі жұмыс атқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президенті Әкімшілігі мен қоғамдық кеңес өкілдері, Парламент депутаттары, Министрлікке бағынысты мекемелер мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Өткен жылғы жұмысты қорытындылап, осы жылға арналған жоспары жайлы тарқатып айттым. 2020 жыл күрделі кезең болғанына қарамастан еліміздің мәдениет, спорт, туризм саласының қайраткерлері жүйелі жұмыс атқарғанын айта кеткім келеді. Онлайн форматқа ауысқан сәттен бастап, тұрғындардың еңсесін тіктеуге зор үлес қосты. Биыл ұлт тарихында есімі елеулі бірқатар тұлғаның мерейтойын республика көлемінде атап өтеміз - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова спортшыларымыз байрақты бәсекелерде сынға түсіп, ел абыройын қорғағауға дайындалып жатқанын айтты. 

Қазір ұлттық құрамаларымыз Токиодағы жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындалып жатыр. Туризм саласында еліміздің әлеуетін ескере отырып, жаңа бағыттарды ашу, ішкі және сыртқы туризмді жандандыру, инвестиция көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, инфрақұрылымды дамыту негізгі жоспарда бар. Алқа мәжіліс соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов нақты тапсырмалар беріп, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру керегіне атап өтті. Сондай-ақ спорт пен мәдениет саласын сандық форматқа ауыстыру жол картасын кезең-кезеңімен дайындауды тапсырды. Осы орайда Министрлік ұжымы осы жылға қойған барлық міндет пен жоспарды жүзеге асыруға барын салатынын айта кеткім келеді - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы