Минималды тарифтің өсуі баспананың қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады - ПИК қауымдастығы

14 Қараша 2024, 11:33
238
Бөлісу:
Минималды тарифтің өсуі баспананың қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады - ПИК қауымдастығы
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласының ПИК қауымдастығы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстаудың минималды тарифін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастама баспаналардың тұрғындарға қолайлылығын жақсартып, қауіпсіздікті арттыру үшін керек. Ал бұл соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген қазіргі тарифте мүлде мүмкін емес.

Бүгінгі таңда Алматыдағы тариф әр шаршы метр үшін 7 теңгеден 700 теңгеге дейінгі соманы құрап отыр. Бұл ретте орташа көрсеткіш небары - 40 теңге. Мұндай тариф ыңғайлы жағдайлар жасап, тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға қажет жұмыстарды жүргізуге жеткіліксіз, - деп түсіндірді ПИК қауымдастығының төрағасы Аркадий Рубцов.

Қауымдастық өкілдері атап өткендей, қазіргі тариф техникалық қызмет көрсету, тұрақты дезинфекция, дератизация және жөндеу жұмыстары сияқты маңызды шығындарды мүлде жаппайды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайсыздық пен қауіп тудырады. 

Одан бөлек, жаңа стандарттар басқарушы компаниялардан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шараларды атқаруды талап етеді. Бұл мақсаттарға да қосымша қаржы қажет. 

Осылайша, тарифті қайта қарау қызмет сапасын арттырып, жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты проблемаларды шешіп, жалпы үйге ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жағдай жасауға мүмкіндік береді. 

Минималды тарифтің өсуі тұрғындардың қолайлы жағдайда тұруына оң ықпал етіп, басқарушы компанияларға өз міндеттерін қазіргіден де нәтижелі атқаруға жағдай жасайды.

Өзгелердің жаңалығы