Биыл минералды тыңайтқышқа берілетін субсидия 2 есеге артты - әкім

4 Қыркүйек 2020, 20:22
1137
Бөлісу:
Биыл минералды тыңайтқышқа берілетін субсидия 2 есеге артты - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысын әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі Нұра және Осакаров аудандарының егін алқаптарын аралады.

Сапар барысында фермерлермен егін жинау науқанының қалай жүргізіліп жатқаны жайлы сөйлесіп, қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қандай жәрдемнің қажет екенін егжей-тегжейлі талқыладық. Облыста егін жинау науқаны он күн бұрын басталды. Ауа-райы жағдайы бірқалыпты. Астық жинау жұмыстарына 2 345 комбайн жұмылдырылған. Оның 12 бірлігі осы жылы сатып алынған. Көптеген фермерлерде астық кептіргіштер мен мен астық қоймалары бар. Мысалға алар болсақ, бүгін Осакаров ауданында "Жанай" ЖШС фермерлері 5 мың тонна астықты сақтауға арналған заманауи кептіру кешенінің жұмысымен таныстырды - дейді өңір басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы облыстың 33 ірі шаруашылығы резервтік қорға 36 мың тонна астықты жөнелтеді. 

Бұл өткен жылдан 6 мың тоннаға артық. Өз кезегінде аталған қор көктемде нан бағасының көтерілмеуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тұрақтандыру қорына 2,5 мың тонна картоп, 400 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат жөнелтіледі. Сонымен қатар, біздің облысымыз астана мен Алматы, Шымкент және Түркістан облысын көкөніс және картоппен қамтамасыз етеді. Биылғы жылы минералды тыңайтқыштар бойынша субсидиялар көлемі 2 есеге артты. Нәтижесінде минералды тыңайтқыштар қолданылатын егістік жерлердің ауданы 147 мың гектарға ұлғайды. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында соңғы 2 жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалардың барысымен таныстым. Осы уақыт ішінде өзекті мәселелерді шешуге барлығы 7,1 млрд теңге қаражат бөлініп, 16 ауылда 73 жоба іске асырылды - деді ол.

БӘкімнің айтуы бойынша, биыл 5,6 млрд теңгеге барлығы 47 жоба іске асырылуда. 

Бұл қаражат көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға жұмсалуда. Мысалы, Осакаровка кентінде 64 көшенің 54-і жөнделуде. Бұған дейін мұндай ауқымдағы жұмыстардың іске асырылмағанын атап өткен орынды. Сондай-ақ, ауданның екі кентінде су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Нұра ауданында жолдар мен әлеуметтік нысандар салынып, жұмыс орындары ашылуда. Мұнда "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бойынша іске асырылып жатқан 17 жобаға 1,3 млрд теңге бөлініп, 410 жұмыс орны құрылды. Бұл жұмыстар карантин кезінде көптеген ауыл тұрғындары үшін негізгі табыс көзіне айналды - дейді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы