Миллиардерлер саны көп мемлекет анықталды

11 Желтоқсан 2020, 10:21
3386
Бөлісу:
Миллиардерлер саны көп мемлекет анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда, сондай-ақ Гонконг пен Тайванда миллиардерлер саны 799 адамға жетті. Ауқатты адамдардың саны бір жылда 182 адамға көбейген.

Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Миллиардерлер саны бойынша Қытай бәрін басып озып тұр. Қытайдың Hurun зерттеу компаниясының есебіне сүйенсек, былтыр АҚШ-тан қарағанда аспан асты елінде бай адамдар саны үш есе өскен. 

Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша Қытайда, сонымен қатар Гонконг пен Тайванда миллиардерлер саны 799 адамға жеткен. Бұл бір жыл ішінде бай адамдардың саны 182-ге көбейгенін білдіреді. 

Ал АҚШ-та миллиардерлер саны 626 адамды құрайды. Олардың саны бір жылда тек 59 адамға көбейген.

Hurun Report-тің аға сарапшысы Руперт Хугеверф қазір Қытайда миллиардерлер саны АҚШ-пен Үндістандағы ауқатты адамдардың жалпы санынан едәуір көбірек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы