"Милары уланғандармен жұмыс істеңдер". Заңгер сөредегі колаларды төккен жігіт жайлы

7 Қараша 2023, 15:42
8661
Бөлісу:
"Милары уланғандармен жұмыс істеңдер". Заңгер сөредегі колаларды төккен жігіт жайлы

Заңгер Айгүл Орынбек Палестина халқын қолдау үшін дүкен сөрелеріндегі коланы төккен азамат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңгер оған қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашуы керек дейді.

Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын ұстап үйренсін. Халықты неге шақырып отыр?Дағыстандағыдай төңкеріске ме? Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ! Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандар мен жұмыс істеңдер! Бізге осылар қауіптірек, – дейді Айгүл Орынбек.

Өзгелердің жаңалығы