Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Бүгiн, 01:29
98
Бөлісу:
 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Миландағы (Италия) «Сан-Сиро» стадионында XXV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рәсім төрт телеарнада тікелей эфирде көрсетілуде: Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly.

Ұлттық командалардың шеруі кезінде Мемлекеттік Туды шорт-трек спортшысы Денис Никиша және фристайл-могулдан Аяулым Әміренова көтеріп шықты.

Айта кету керек, рәсім бір уақытта екі жерде өтеді: Денис Миланда, ал Аяулым – шаңғы жарысы өтетін Ливиньо алаңында. Салтанатты іс-шара «Armonia» («Гармония») деп аталады.

Биылғы жылы Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде жанады: Миландағы Триумф аркасында және Кортина-д’Ампезцодағы Пьяцца ди Бонада алаңында.

Милан-Кортина Олимпиадасында Қазақстан атынан 10 пән бойынша 36 спортшы (18 ер адам және 18 әйел) қатысады. Жалпы жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 16 түр бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы