Милан-Кортина Паралимпиадасы: Қазақстан спортшылары финалға өтті

Спортшылар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды.

 Туризм және спорт министрлігі Кеше 2026, 16:46
Кеше 2026, 16:46
252
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшылар Милан-Кортина Паралимпиадасында финалға өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Италияда өтіп жатқан Милан-Кортина Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, Ербол Хамитов (8:27.9), Юрий Березин (9:49.9) және Сергей Усольцев (10:00) жоғары нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшы Александр Герлиц те пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы отырып із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңінде 10 минут 53 секунд нәтижесін көрсетіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, аталған дистанция бойынша финалдық кезеңде Қазақстан құрамасының спортшылары Ербол Хамитов, Юрий Березин және Сергей Усольцев те өнер көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды

Наверх