Михаил Шайдаров әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды

17 Сәуір 2022, 16:11
1698
Бөлісу:
Михаил Шайдаров әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҰОК.

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен қазақстандық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпайына ие болды. 

Айта кетсек, бұл мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылар үшін тарихи жетістік. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.

Өзгелердің жаңалығы