Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

10 Шілде 2023, 09:45
477
Бөлісу:
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында тартысты матч өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші әлемнің 219-ракеткасы, америкалық Стив Джонсонмен бас жүлде үшін шеберлік байқасты.

Бірінші партияда америкалық спортшы 6:4 есебімен үстемдік көрсетсе, екіншісінде Кукушкин есе қайырды – 7:6 (9:7). Тағы бір тай-брейкте С.Джонсон жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Үш сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Михаил Кукушкин 4 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 21 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

АҚШ-тағы жарыстың финалына дейін жетуі арқасында Михаил Кукушкин қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 262-ден бірден 218-сатыға көтеріліп тұр.

Кукушкин мен Бейбіт Жұқаев осы аптада Чикаго (АҚШ) челленджер додасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ Еуропадағы жарыстарда бақ сынап жатқан қазақстандық теннисшілер де бар.

Өзгелердің жаңалығы