Microsoft АҚШ мектептерінде жасанды интеллект қолдануға жаңа талаптар енгізеді

Жаңа талаптар 1 қарашадан бастап АҚШ-тағы Microsoft компаниясымен жасалған барлық мектеп келісімшарттарына қолданылады.

 pixabay 16 Қыркүйек 2026, 08:40
16 Қыркүйек 2026, 08:40
70
Фото: pixabay

Microsoft АҚШ мектептерінде қолданылатын жасанды интеллект жүйелеріне арналған жаңа қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын енгізеді.

Бұл туралы ақпаратты Euronews таратты.

Жаңа ережелер елдегі мұғалімдердің екінші ірі кәсіподағымен келісілген. Оған сәйкес, оқушылардың жасанды интеллект құралдарына эмоционалды тәуелділігін қалыптастыратын немесе олардың назарын оқу тапсырмасына қажетті уақыттан ұзақ ұстайтын функцияларды қолдануға тыйым салынады.

Жаңа стандарттар заңды күшке ие болады және олардың орындалуын тәуелсіз аудит ұйымдары тексереді.

Microsoft оқушылар мен мұғалімдердің деректерін өздерінің AI жүйелерін оқыту үшін пайдаланбауға міндеттенді. Бұған тек оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шектеулі деректер жиынтығы ғана кірмейді.

Жиналған ақпаратты сатуға, жарнама жасауға немесе жаңа өнімдер әзірлеуге пайдалануға болмайды.

Сонымен қатар компания ата-аналарға жасанды интеллект құралдарының қалай жұмыс істейтінін және қандай деректер жиналатынын түсінікті түрде түсіндіруі тиіс.

Жаңа талаптар 1 қарашадан бастап АҚШ-тағы Microsoft компаниясымен жасалған барлық мектеп келісімшарттарына қолданылады.

Айта кетейік, америкалық мұғалімдер кәсіподағы осындай келісімдерді OpenAI және Anthropic компанияларымен де талқылап жатыр. Екі компания да білім беру саласында жасанды интеллект қауіпсіздігін күшейту мен деректерді қорғау бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Наверх