Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ- өткен брифингте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікарімов айтты.
2020 жылдан бастап заң күшіне енген соң, нормативтік-құқықтық актілер дайындау регламентіне сәйкес, қосымша 16 нормативтік-құқықтық акті қабылданды. ҚР-ның екі қаулысы мен 16 акті сынды құқықтық актілер сәуір айының басында реттелді. Басқарудың жаңа нысандарын құру пайызының төмендігі жиналыстарды өткізуге шектеу қоятын санитарлық және карантиндік шаралармен байланысты екені сөзсіз, сондықтан пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері жазбаша сауалнама жүргізуге мәжбүр болды, - деді ол.
Әбдікарімов айтқандай, алғашқы жиналыс өткізілмей, кворум жоқ деп тіркелген соң, жазбаша сауалнама өткізуге көшті.
Бір ай уақытқа 500-600 пәтерлік үйлерден сауалнама алу сыймайды. Көбі екінші мәрте өткізетін болды. Сондықтан әзірге мүлік иелері бірлестігінің саны аз болып тұр. Мүлік иелері бірлестігін немесе жай серіктестерді тіркеудің бағыттар көбейеді деп ойлаймыз, - деді ол.
Ол атағандай, әділет министрлігінің ақпараты бойынша республика бойынша 2021 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша шамамен 54 мың көппәтерлі тұрғын үйдің арасында 1132 жаңа басқару нысаны құрылды.
Олардың ішінде: мүлік иелерінің бірлестіктері - 539, жай серіктестіктер – 593 бірлік, олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан.ЖПИ заңның кейбір қайшылықтарын пайдаланып, көпүйлі болып кетті. Бір ЖПИ 15-20 үйді басқарып кетті. Оның ішінде бір есепшотпен ғана жұмыс істеді. Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай бірлестіктер өздері құрған бірлестіктің есепшотына түсіп, өз үйіне ғана жұмсалады. Бұл бақылауды күшейтеді, - деді ол.