Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында жазды.
Құрметті достар! Сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмын. Бүгін отанымыз Зарина Дияс Miami Open турнирінің алғашқы кезеңінде танымал теннисші Винус Уильямсты жеңіп, келесі кезеңге шықты, - деп жазды министр.
Оның айтуынша, бұл қазақ теннисі тарихындағы елеулі оқиғаның бірі.
Осындай халықаралық бəсекелердегі жарқын жеңіс қазіргі сындарлы кезеңде елдің еңсесін тіктеуге зор үлес қосады. Мемлекетіміз үнемі бұқаралық спортты дамыту, насихаттауға ерекше көңіл бөліп келеді. Заринаның бүгінгі жеңісі атқарылып жатқан жүйелі жұмыс пен орасан еңбектің жемісі деп білеміз. Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, Қазақстан теннис федерациясын, Зарина Дияс пен бапкерін, федерация Президенті Болат Жəмитұлын жəне барша ақжүрек жанкүйерді шын жүректен құттықтаймын!, - деп Райымқұлова құттықтауын жолдады.