АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында бұрынғы мейрамхана иесі төрт адамды улағаны үшін айыпталды. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 52 жастағы Гудрун Каспер-Лейненкугель құрбандарының сусындарына у қосқан. Соның салдарынан екі адамды аман алып қалу мүмкін болмады, тағы екі адам тірі қалды.
Әйел фармацевтика өнеркәсібінде еріткіш ретінде қолданылатын, тәттілеу иісі бар түссіз сұйықтық – ацетонитрилді пайдаланған.
Каспер-Лейненкугель 16 қаңтарда қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның уланған адамдармен таныс болғаны не болмағаны белгісіз.
Еске салсақ, Жамбыл облысында жаппай уланған 22 жас спортшы ауруханаға жеткізілді. 12-17 жас аралығындағы балалар күрес түрлерінен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Дәрігерлердің мәліметінше, барлық жасөспірімге «этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит» деген алдын ала диагноз қойылған.