Мейрамбек Бесбаевтың ізімен: Тағы бір әнші кеңесші болды

4 Қыркүйек 2019, 15:51
2158
Бөлісу:
Мейрамбек Бесбаевтың ізімен: Тағы бір әнші кеңесші болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қыдырәлі Нұртайұлы министрдің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалған.

Әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы (Phd 2015) Қыдырәлі Болманов Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. АБК, «Ұлытау» топтарының және әнші Қарақат Әбілдинаның продюсері. 

Ол 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының мәдениет департаментінің директоры болған. Одан кейін 2008 жылы Астана қаласының мәдениет департаментін басқарды.

Айта кетейік, кеше тағы бір танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Өзгелердің жаңалығы