Метеорология: 7 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

4 Наурыз 2022, 07:31
1071
Бөлісу:
Метеорология: 7 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республиканың 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 4 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар және Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы