Металл сынықтары мен қалдығын елден шығаруға тыйым салынады

26 Сәуір 2022, 17:45
1877
Бөлісу:
Металл сынықтары мен қалдығын елден шығаруға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынығы мен қалдығын сыртқа әкетуге тыйым салынады. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіның Баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шектеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен белгіленген.

Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз, - деп мәлімдеді МКК-де.

Өзгелердің жаңалығы